2021 жылғы 30 сәуірдегі Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның отырысы

2021 жылғы 30 сәуірдегі Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның отырысы

Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өңірлермен селекторлық режимде өтті.

      Облыс кәсіпорындарындағы жалақы берешегіне мониторинг жүргізу нәтижелері, әкімдік, кәсіподақ және кәсіпорын әкімшілігі арасындағы қызметкерлердің босатылуына жол бермеу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумдарды орындау мәселелері талқыланды.

Комиссия мүшелері жұмыс берушілерге жалақы бойынша бар берешекті өтеу жөнінде шаралар қабылдау туралы тапсырманы хаттамалық түрде бекітті. 

          Сондай-ақ, комиссия мүшелері өңірлердің отырыстарында жалақыны уақтылы төлеу, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау шарттарын сақтау, жұмыскерлерді жұмыстан босату, жұмыс орындарын сақтау, ұжымдық шарттар және т. б. бойынша қол қойылған меморандумдар шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындау бөлігінде еңбек заңнамасының бұзылуына жол беретін жұмыс берушілердің есептерін үнемі тыңдау ұсынылды.

Әлеуметтік әріптестік тараптарының үйлесімді жұмысының арқасында облыс аумағында еңбек жанжалдары мен даулар тіркелген жоқ.