Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдерімен кездесу

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдерімен кездесу

Бүгін, 30 Сәуірде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдерімен кездесу өтті. Басқарма қызметкерлері біздің облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы хабардар болды. Атап айтқанда, ДСЭК балалар мен жасөспірімдер арасындағы жұқпалы емес ауруларды бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Зәуреш Хабдуллина басқарма қызметкерлеріне вакциналар, вакцинация механизмі туралы егжей-тегжейлі айтып, олардың сұрақтарына жауап берді.