Мүгедек адамдар мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы

Мүгедек адамдар мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы

https://www.youtube.com/watch?v=NutN2z3QJ7w

Бүгін облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысовтың төрағалығымен мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.
4 мәселе қаралды:" мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы"," Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қолдау шараларын ақпараттық сүйемелдеу"," тұрақты мониторингпен және тиімділікті бағалаумен өмірлік қиын жағдайда адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер мен көмек көрсетудің біріктірілген үлгісінің пилоттық жобасын іске асыру","Үйлестіру кеңесінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту".
Облыста мүгедектерді жұмысқа орналастыру жоспары асыра орындалды, пилоттық режимде әлеуметтік қызметтердің электрондық порталы арқылы қызмет көрсетіледі.
Азаматтарды порталда жұмыс істеуге оқытуды қазірдің өзінде жүргізу қажет екендігі атап өтілді, өйткені 1 қаңтардан бастап мүгедектерге арналған барлық қызметтер тек сол арқылы көрсетілетін болады. Облыстың аудандары мен қалаларында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылып, порталда жұмысқа жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері оқытылды.
Кеңесте басқа да мәселелер талқыланды.