Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша облыстық комиссияның кезекті отырысы

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша облыстық комиссияның кезекті отырысы

    Ағымдағы  жылдың 23 желтоқсанында  Ақмола облысының әкімдігінде аймақтармен селекторлық режимде әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті.

фото

      Облыс әкімінің орынбасары М.С. Тәткеевтің төрағалығымен өткен комиссия мүшелері еңбек дауларының алдын алу және ескерту, отандық және шетелдік қызметкерлердің тең құқықтары мен еңбек жағдайларының қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізу және бақылау мақсатында еңбек инспекциясының кәсіпорындарға бару нәтижелерін, сондай-ақ жалақы берешегі мәселелерін талқылады. Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысының ақпараты тыңдалды.

       Әлеуметтік шиеленіс және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдері мониторингінің деректеріне сәйкес Ақмола облысында әлеуметтік шиеленістің орташа аясы сақталуда.

      Әлеуметтік шиеленістің пайда болу алғышарттарының алдын алу мақсатында комиссия мүшелері өңірлер отырыстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын сақтау, жұмыскерлерді босату жалақысын уақтылы төлеу, жұмыс орындарын сақтау бойынша қол қойылған ұжымдық шарттар, меморандумдар шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындау бөлігінде еңбек заңнамасының бұзылуына жол беретін жұмыс берушілердің есептерін тұрақты түрде тыңдау ұсынылды.

      Денсаулық сақтау және білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік, қызметкерлердің құқықтық және әлеуметтік қорғалу деңгейлері бойынша екіжақты келісімдерді іске асыру туралы осы басқармалар мен салалық кәсіподақтардың басшылары тыңдалды.

      Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек мәселесі қаралды. Мемлекеттік кірістер департаменті мен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері тыңдалды.

      Комиссия мүшелері әлеуметтік аударымдар мен өсімақылар бойынша берешек мониторингін жүзеге асыру бойынша жұмысты жалғастыру, сондай-ақ жұмыс берушілермен оларды өтеу бойынша жұмысты жандандыру ұсынылды.

      Білім беру ұйымдары түлектерінің, оның ішінде жас мамандардың еңбек және әлеуметтік бейімделуіне мониторинг жүргізу туралы Білім және ішкі саясат басқармасының өкілдері хабардар етті.

     Отырыс соңында облыстық комиссияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

     Әлеуметтік әріптестік тараптарының үйлесімді жұмысының арқасында өңірлердегі қоғамдық - саяси ахуал тұрақты түрде сақталып отыр.