Басқарма ұжымы қалалық сенбілікке қатысты

Басқарма ұжымы қалалық сенбілікке қатысты

2026 жылдың 12 қыркүйегінде Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері Ақмола облысының еңбек ұтқырлығы орталығының қызметкерлерімен бірге Көкшетау қаласында күзгі санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру айлығы аясында ұйымдастырылған сенбілікке қатысты.

Сенбілік барысында қатысушылар бекітілген аумақты тазалап, қоқысты жинап, оның сыртқы келбетін жаңартты.