Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның отырысы

Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның отырысы

Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Әміренованың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті. Отырысқа мемлекеттік органдардың, мүдделі ұйымдардың өкілдері, аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары қатысты.

Отырыс барысында өндірістік жарақаттану, өндірістегі жазатайым оқиғалар санының өсу себептері, жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуы және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар мәселелері қаралды.

Аталған мәселелер бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы Е.А. Абжатов, Ақмола облысының Кәсіподақтар орталығының төрағасы Қ.С. Рахметов, Біржан сал ауданының «ҚазГер» ЖШС бас инженері М.К. Бигильдинов және Зеренді ауданының «Садовое сүт зауыты» ЖШС өкілі Н.С. Плохова сөз сөйледі.

Сондай-ақ отырысқа қатысушылар жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, ұжымдық шарттарды жасасу және цифрландыру, сондай-ақ еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіндегі (ЕШЕБЖ) мәліметтер мен міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) туралы деректер арасындағы алшақтық мәселелерін талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша жауапты органдарға тиісті тапсырмалар берілді.