Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы «Көкшетау ЖЭО» ЖШС өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді

Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы «Көкшетау ЖЭО» ЖШС өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді

«Көкшетау ЖЭО» ЖШС өкілдерімен жұмыс кездесу өткізілді, іс-шара барысында қатысушыларға шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.

Шетелдік жұмыскерлер үшін квоталау және рұқсат құжаттарын ресімдеу тәртібіне, ішкі еңбек нарығын қорғау тетіктеріне, сондай-ақ жергілікті азаматтарды жұмысқа орналастырудың басымдығына ерекше назар аударылды.  

Кездесу ашық диалог форматында өтті, онда кәсіпорын өкілдері шетелдік мамандарды тарту рәсімдері туралы сұрақтарға толық жауап алды.