Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының директорларымен алқа отырысы

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының директорларымен алқа отырысы

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина Бұланды ауданы Макинск қаласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының директорларымен алқа отырысын өткізді

Кездесу барысында мекемелердің жұмыс істеуінің өзекті мәселелері, көрсетілетін қызметтердің сапасы, сондай-ақ олардың тиімділігін арттыру шаралары қаралды. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын сақтауға және алушылар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Алқа қорытындысы бойынша орталықтардың қызметін одан әрі жетілдіруге және көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды күшейтуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.