
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина Ашық есік күні аясында азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындардың жұмыспен қамту және жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектігі бар адамдарды қолдау, сондай-ақ қандастарға қатысты мәселелер бойынша өтініштері қаралды.
Мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларын алу, азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және олардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Азаматтардың барлық өтініштері қарауға қабылданып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер берілді және Басқарманың құзыреті шеңберінде оларды шешу бойынша одан әрі шаралар айқындалды.