2026 жылғы 10 тамызда Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы қандастар үшін Ашық есік күнін өткізді.
Іс-шара барысында "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" және "Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша пилоттық жоба бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қатысушыларға келесі мәселелер бойынша түсініктемелер берілді:
* қандас мәртебесін алу;
* баланы орта білім беру ұйымына қабылдау;
* С1 визасын алу.
Ашық есік күні ай сайынғы негізде өткізіледі, бұл ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және қандастардың құқықтық хабардарлық деңгейін арттыруға ықпал етеді.