АНОНС

АНОНС

11 тамыз күні сағат 15:00-де

Көкшетау қаласы Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының ғимаратында (мекенжайы: Пушкин көшесі, 23, 1-қабат, мәжіліс залы) Ашық есік күні өтеді.

Іс-шара барысында қала тұрғындары төмендегі бағыттар бойынша консультациялар алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алады:

🔹халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелері;
🔹әлеуметтік көмек көрсету;
🔹мүгедектігі бар адамдарды қолдау;
🔹шетелдік жұмыс күшін тарту және оның еңбек қызметін жүзеге асыру мәселелері;
🔹қандастарға қатысты мәселелер;

🔹Басқарманың құзыретіне кіретін басқа да мәселелер.

Ақмола облысының Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина азаматтарды қабылдап, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап береді.

📍 Өткізілетін орны: Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 23, 1-қабат, мәжіліс залы
🗓️ Күні: 11 тамыз

⏰ Уақыты: 15:00

Қала тұрғындарын Ашық есік күніне қатысуға шақырамыз!