
2026 жылғы 8 шілдеде Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы қандастар үшін Ашық есік күнін өткізді.
Іс-шара барысында қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ қатысушыларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар ету ұйымдастырылды.
Ашық есік күні ай сайынғы негізде өткізіледі, бұл ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және қандастардың құқықтық хабардарлық деңгейін арттыруға ықпал етеді.