Ақмола облысында кандастарды бейімдеу және қолдау жұмыстары жалғасуда

Ақмола облысында кандастарды бейімдеу және қолдау жұмыстары жалғасуда

2026 жылдың басынан бастап 213 адам (114 отбасы) қандас мәртебесін алды, оның ішінде Моңғолиядан - 25 (10), Ресейден - 10 (7), Қытайдан - 155 (84), Түрікменстаннан - 6 (2), Өзбекстаннан - 16 (10), Тәжікстаннан - 1 (1). Өңірде әлеуметтік бейімделуге және кандастарды ықпалдастыруға бағытталған іс-шаралар тұрақты негізде іске асырылуда. Жергілікті атқарушы органдардың мамандары ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, консультативтік көмек көрсетеді және мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтармен бірге жүреді.

          Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы ай сайын алтыншы күні қандастар үшін ашық есік күндерін өткізеді. Осындай кездесулер барысында мамандар кеңес алып, өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, құжаттарды рәсімдеу, жұмысқа орналасу, әлеуметтік қолдау және мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша түсініктеме ала алады.

          Сонымен қатар, облыс аудандарында ай сайын әкімдер орынбасарларының төрағалық етуімен қандастармен кездесулер өткізіледі. Ақкөл, Ерейментау, Бұланды, Шортанды аудандары және Степногорск қаласы сияқты қандастар қоныстандырылған аудандарға ерекше назар аударылады. Кездесулер барысында денсаулық сақтау, білім беру, жұмысқа орналастыру, құжаттарды рәсімдеу, мемлекеттік қолдау шараларын алу және басқа да өзекті тақырыптар қаралады. Барлық келіп түскен өтініштер бойынша қажетті көмек көрсетіледі, ал проблемалық мәселелер жауапты мемлекеттік органдардың бақылауында.

          Қандастарды қолдау бойынша жұмыс Ақмола облысының барлық өңірлерінде жалғасуда және олардың табысты бейімделуі, әлеуметтік интеграциялануы және өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.