Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Әміренованың төрағалығымен мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдар өкілдерінің қатысуымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары бойынша берешекті өтеу мәселелері қаралды.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қ.Бекшин баяндама жасап, жұмыс берушілердің әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді уақтылы орындауын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінің (ЕШЕБЖ) мәліметтері мен міндетті зейнетақы жарналары бойынша деректер арасындағы алшақтық мәселелері қаралды. ҚР Еңбекмині мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Абжатов еңбек қатынастарын есепке алудың толықтығын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты органдарға тиісті тапсырмалар берілді.