
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жоспарлы жұмыс шеңберінде оқыту семинары өтті. Ұжымның алдында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Г.Сағадиева сөз сөйледі.
Кездесудің негізгі мақсаты мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың негізгі тетіктерін түсіндіру, құқықтық сананы нығайту және лауазымдық міндеттерін атқару кезіндегі әдептілік мінез-құлық стандарттарын талқылау болды.
Іс-шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне енгізілген өзекті өзгерістер мен толықтыруларды, басқарма қызметкерлерінің заңдық сауаттылығын арттыру мәселелерін, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орнында да, қоғамда да кәсіби мінез-құлқына қойылатын талаптарды қарастырды.
Спикер ұжымда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне "нөлдік төзімділік" қағидатын қалыптастырудың және қызметтік әдеп нормаларын мінсіз сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударды. Мұндай профилактикалық іс-шаралар жүйелі негізде жүргізіледі және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға бағытталған.