Қандастарды қабылдау жөніндегі комиссия отырысы

Қандастарды қабылдау жөніндегі комиссия отырысы

2026 жылғы 11 маусымда Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында қандастарды қабылдау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыс басшының орынбасары Е. Мұхамединнің төрағалығымен, комиссия мүшелері мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен өтті.

Комиссия 10 отбасының (17 адам) өтініштерін қарады.

Отырыс қорытындысы бойынша қандас мәртебесі 8 отбасына (11 адам) берілді, оның ішінде Ақкөл ауданында 5 отбасы (7 адам), Бурабай ауданында 1 отбасы (2 адам), Бұланды ауданында 1 отбасы (1 адам), Қорғалжын ауданында 1 отбасы (1 адам).

Қандас өңірлік квотасына 2 отбасы (6 адам), оның ішінде Бұланды ауданында 1 отбасы (5 адам), Қорғалжын ауданында 1 отбасы (1 адам) енгізілді.