Кандас үшін Ашық есік күні

Кандас үшін Ашық есік күні

2026 жылғы 8 маусымда Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы қандастар үшін Ашық есік күнін өткізді.

Іс-шара барысында қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ қатысушыларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар ету ұйымдастырылды.

Қатысушыларға келесі мәселелер бойынша түсініктемелер берілді:

* медициналық көмек алу;

* баланы орта білім беру ұйымына қабылдау;

* мүгедектікті белгілеу;

Ашық есік күні ай сайынғы негізде өткізіледі, бұл ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және қандастардың құқықтық хабардарлық деңгейін арттыруға ықпал етеді.