Сапар аясында Шортанды және Бурабай аудандарында мүгедектігі бар адамдар мен егде жастағы азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін бірқатар әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарына бару жоспарланған.
Көкшетау қаласында вице-министр халықпен әлеуметтік қорғау, халықты жұмыспен қамту, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кездесу өткізеді.
Халықпен кездесу 2026 жылғы 5 маусымда сағат 15:10-да Көкшетау қаласы, Назарбаев көшесі, 2/5 мекенжайында орналасқан Достық үйінде өтеді.
Кездесуден кейін, сағат 16:10-да Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық бөлімшелері басшыларының қатысуымен азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылады.
Облыс тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қолдау шаралары, әлеуметтік қамсыздандыру және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша түсіндірмелер ала алады.
Жеке қабылдауға алдын ала жазылу және қосымша ақпарат алу үшін келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: 8 (7162) 29-86-00, 29-86-11.