Зеренді ауданына жұмыс сапары

Зеренді ауданына жұмыс сапары

«Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерді өзектендіру жұмыстары аясында Зеренді ауданына іссапар ұйымдастырылды. Басқарма басшысының орынбасары Мұхамедин Ерлан Қыздарбекұлының төрағалығымен Қонысбай ауылдық округінде «Отбасының цифрлық картасы» бойынша оқыту семинар-кеңесі өткізілді. Кеңес барысында «Қарызсыз қоғам» жобасы және ӘЦЖО (әкімнің цифрлық жұмыс орны) мәселелері де талқыланды. Іс-шараға «Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ, «Мансап орталығы» КММ, «Жастар ресурстық орталығы» КММ, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Зеренді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері қатысты. Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге және «Отбасының цифрлық картасы» мәліметтерін өзектендіру жұмыстарының тиімділігін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.