Атбасар қаласындағы №1 мекемеде сотталғандармен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік оңалту шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы

Атбасар қаласындағы №1 мекемеде сотталғандармен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік оңалту шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы

Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина Атбасар қаласының Мансап орталығы директорының м.а. Майра Смагулова-Касьяновамен бірлесіп №1 мекемеде сотталғандармен ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.

Кездесудің мақсаты – босатылғаннан кейінгі адамдарға көрсетілетін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік-құқықтық көмек шараларын түсіндіру.

Іс-шара барысында Шолпан Рахматуллина субсидияланатын жұмыс орындарына қатысты заңнамадағы өзгерістер, сондай-ақ квота шеңберінде жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы жан-жақты баяндады. Қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары туралы ақпарат ұсынылды.

Сотталғандар белсенділік танытып, жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысу тәртібі, босатылғаннан кейін жұмысқа орналасу және атаулы әлеуметтік көмек алу мәселелері бойынша сұрақтар қойды.

Мұндай іс-шаралар босатылған азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне және жұмысқа орналасуына ықпал етеді.