Отбасын қолдау орталықтары мәселелері бойынша кеңес

Отбасын қолдау орталықтары мәселелері бойынша кеңес

Ағымдағы жылдың 16 сәуірінде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Амренова Алтынай Байқадамқызының төрағалығымен Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары Шиманский В.Л. және Жұмабекова К.Г., сондай-ақ Отбасын қолдау орталықтарының қызметін, оның ішінде мобильді топтардың жұмысын үйлестіретін аудан және қала әкімдерінің орынбасарларының қатысуымен кеңес өтті.

Кеңеске жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, білім беру, балалардың құқықтарын қорғау, денсаулық сақтау басқармаларының, сондай-ақ полиция департаментінің өкілдері қатысты. Онлайн режимде аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім беру бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ Отбасын қолдау орталықтарының директорлары қосылды.

Кеңес қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге және Отбасын қолдау орталықтарының жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.