2026 жылы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурс

2026 жылы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурс

«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына (бұдан әрі — Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы) сәйкес 2026 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының басталғаны туралы хабарлама жасалды.

Конкурс екі кезеңде: өңірлік және республикалық деңгейде өткізіледі. Оған жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.

Лауреаттар атағы үш санатта:

1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;

2) ірі кәсіпкерлік субъектісі;.

және төрт номнация бойынша беріледі:

1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»

2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»

3) «Үздік ұжымдық шарт»

4) «Экологияға қосқан үлесі үшін»

Конкурста «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы бекітіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 1 шілдеге дейін жалғасады. Қатысушылардың құжаттары сайт арқылы қабылданады hr.enbek.kz.

Конкурсқа қатысуға қатысты туындаған барлық мәселелер бойынша аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгіну қажет.