
2026 жылғы 6 сәуірде Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында қандастарды қабылдау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыс басшының орынбасары Е. Мұхамединнің төрағалығымен, комиссия мүшелері мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен өтті.
Комиссия 4 отбасының (18 адам) өтініштерін қарады.
Отырыс қорытындысы бойынша қандас өңірлік квотасына 3 отбасы (17 адам), оның ішінде Ақкөл ауданында 1 отбасы (6 адам), Ерейментау ауданында 2 отбасы (11 адам) енгізілді.
Өңірлік квотаға енгізілген қандастар мемлекеттік қолдаудың келесі түрлерін алады:
Мөлшері: отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (302750 теңге).
12 ай ішінде төленеді.
Көлемі отбасы санына және тұратын жеріне байланысты:
Қалалық жер:
1 адам - 20 АЕК (86500 теңге)
2-4 адам-25 АЕК (108125 теңге)
5 және одан да көп адам - 30 АЕК (129750 теңге)
Ауылдық жерлер:
1 адам - 15 АЕК (64875 теңге)
2-4 адам-18 АЕК (77850 теңге)
5 және одан көп адам - 21 АЕК (90825) теңге