Ерейментау ауданына жұмыс сапар

Ерейментау ауданына жұмыс сапар

Ерейментау ауданында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ш.Рахматуллинаның төрағалығымен жергілікті белсенділер мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қатысуымен кеңес өтті.

Кездесу барысында жаңа жұмыс орындарын құру, халықты жұмыспен қамтуды арттыру және жұмыс берушілермен тиімді өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Қатысушылар ауданның еңбек нарығындағы ағымдағы жағдайды, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шараларын талқылады. Талқылау барысында жұмыс орындарын құру бойынша жоспарлы көрсеткіштерді сапалы орындау жөнінде тапсырмалар берілді.