Ақмола облысында «Socium» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша оқыту өтті

Ақмола облысында «Socium» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша оқыту өтті

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы ғимаратында «Socium» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу бойынша оқыту өтті. Іс-шара жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу аясында өтті.

Оқытуға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының, үйде қызмет көрсететін КММ мамандары, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Оқытуды «Cushpen Innovations» ЖШС-нің өкілі, «Socium» платформасын енгізу жөніндегі маман Қасымбек Дарина жүргізді.

Оқыту барысында қатысушыларға «Socium» жүйесімен жұмыс істеудің негізгі қағидаттары, сондай-ақ оны жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында қолдану ерекшеліктері түсіндірілді.

Іс-шараға барлығы 60-тан астам адам қатысты.