Отбасының цифрлық картасы және Бірыңғай цифрлық платформа мәселелері бойынша кеңес

Отбасының цифрлық картасы және Бірыңғай цифрлық платформа мәселелері бойынша кеңес

2026 жылғы 27 наурызда Ақмола облысы әкімінің орынбасары Амренова Алтынай Байқадамқызының төрағалығымен мүдделі облыстық басқармалар мен департаменттердің қатысуымен кеңес өткізілді.

Кеңес барысында Отбасының цифрлық картасы деректерін өзектендіру және Бірыңғай цифрлық платформадағы жұмыс мәселелері талқыланды.

Іс-шараға жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, білім беру, ішкі саясат, мәдениет және спорт, әділет басқармаларының, сондай-ақ мемлекеттік кірістер және полиция департаменттерінің өкілдері қатысты.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге және жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.