
2026 жылғы 11 наурызда Ақмола облысы әкімінің орынбасары Амренова Алтынай Байкадамовнаның төрағалығымен аудан және қала әкімдерінің орынбасарларының қатысуымен кеңес өтті.
Кеңес барысында азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау шараларын біріздендіру мәселелері, сондай-ақ Отбасының цифрлық картасы деректерін өзектендіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар қаралды.
Іс-шараға жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, білім беру басқармаларының, сондай-ақ мемлекеттік кірістер және полиция департаменттерінің өкілдері қатысты. Онлайн режимде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, мансап орталықтарының директорлары, аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары қосылды.
Кеңес қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге және жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.