Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара Макинск қаласында өтті

Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара Макинск қаласында өтті

Макинск қаласында Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйел – әлемнің айбыны мен ажары» атты мерекелік іс-шара өтті.

Конкурстық бағдарламаға қызмет алушылар мен Ақмола облысының 10 ведомстволық бағынысты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері қатысты. Қатысушылар «Визит карточкасы» және «Шығармашылық нөмір» номинациялары бойынша шығармашылық нөмірлерін ұсынып, таланты мен әртістігін көрсетті.

«Ең нәзік сезімдердің букеті» номинациясында қамқоршылар мен қызметкерлердің қолымен әртүрлі техникамен жасалған суреттер ұсынылды.

Байқау қорытындысы бойынша «Көктем ханшайымы» құрметті атағының иегері және жеңімпаз «Мейрим» АӘҚКО дуэті болды. Қалған қатысушылар түрлі номинациялар бойынша марапаттарға ие болды.

Іс-шара қатысушылар мен қонақтарға мерекелік көңіл-күй, көктем атмосферасы, жылулық және әйелдерге еңбегі мен қамқорлығы үшін алғыс сыйлады.