Кандас үшін Ашық есік күні

Кандас үшін Ашық есік күні

2026 жылғы 6 наурызда Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы қандастар үшін Ашық есік күнін өткізді.

Іс-шара барысында қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ қатысушыларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар ету ұйымдастырылды.

Қатысушыларға келесі мәселелер бойынша түсініктемелер берілді:

* қандастарды өңірлік квотаға енгізу;

* тұрғын үй сатып алу;

* қандастарды жұмысқа орналастыру.

Отбасы Банкінің бизнесті дамыту бөлімінің бастығы Отбасы банкінен ипотекалық қарыз алу тәртібін түсіндірді. Ақмола облысының оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Қазтесттен өту және қазақ тілін оқыту мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

Ашық есік күні ай сайынғы негізде өткізіледі, бұл ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және қандастардың құқықтық хабардарлық деңгейін арттыруға ықпал етеді.