
Ақмола облысында жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы алқасының кеңейтілген отырысы өтті, онда 2025 жылғы жұмыстың қорытындылары шығарылды және Үкіметтің жаңа тапсырмалары шеңберінде дамудың негізгі бағыттары айқындалды.
Жыл қорытындысы бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды іске асыру қамтамасыз етілді, атаулы әлеуметтік қолдау көрсетілді және азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын сүйемелдеу жөніндегі жұмыс күшейтілді.
Еңбек және әлеуметтік қорғау саласын реформалау шеңберінде өңірде жұмыспен қамтудың жаңа моделі енгізіледі, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек құқықтарын қорғау, мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны дамыту жөніндегі шаралар күшейтіледі, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер көрсетудің проактивті форматы кеңейтіледі.
Процестерді цифрландыруға және халықтың хабардарлығын арттыруға ерекше назар аударылатын болады.