
2026 жылдың 16 ақпанында жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламалар үйлестіру басқармасы қандастар үшін Ашық есік күнін өткізді.
Іс-шара барысында қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ қатысушыларды қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар ету ұйымдастырылды.
Қатысушыларға сұрақтар бойынша түсініктемелер берілді:
* қандастардың өңірлік квотасына енгізу;
* Отбасы банкінен ипотекалық қарыз алу;
* тұрғын үй сатып алу;
* қандастарды жұмысқа орналастыру
Сондай-ақ, мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті басшысының орынбасары мемлекеттік еңбек инспекциясының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін, арыздары мен шағымдарын және өзге де өтініштерін қарау туралы түсініктеме берді.
Ашық есік күні ай сайынғы негізде өткізіледі, бұл жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз етуге және қандастардың құқықтық хабардарлық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.