Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару Күнімен құттықтау

Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару Күнімен құттықтау

2026 жылғы 15 ақпанда Ақмола облысында естелік күн — Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні атап өтіледі. Бұл күні біз өз Отанынан тыс жерде әскери борышын өтеген интернационалист жауынгерлерді еске алып, Ауған соғысының барлық ардагерлеріне терең құрметімізді білдіреміз.

Біздің облыста Ауған соғысының 671 ардагері тұрады. Атаулы күнге орай жергілікті бюджет қаражаты есебінен 25 АЕК (108 125 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем көзделген. Ардагерлерді қолдау — өңірдің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі.

"Құрметті Ауған соғысының ардагерлері!

Батылдығыңыз, төзімділігіңіз және әскери борышыңызға адалдығыңыз үшін терең ризашылық сөздерін қабылдаңыз.

Сіздің қызметіңіз ел алдындағы патриотизм мен жауапкершіліктің үлгісі болып табылады.

Сізге зор денсаулық, амандық, отбасыларыңызда бейбітшілік пен жылулық тілеймін".                                                                   

Шолпан Рахматуллина, Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды  үйлестіру басқармасының басшысы