Протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша қабылдау өткізілді

Протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша қабылдау өткізілді

2026 жылғы 12 ақпанда Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мамандары жаңа технология бойынша протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша мүгедектігі бар адамды қабылдады.

          Кездесу барысында протездік-ортопедиялық бұйымдарды ұсыну тәртібі, сондай-ақ заңнамада көзделген әлеуметтік кепілдіктер мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы жан-жақты түсіндірме берілді.