Мүгедектігі бар адамдардың мәселелері бойынша Ашық есік күні

Мүгедектігі бар адамдардың мәселелері бойынша  Ашық есік күні

«Бірлік «Ақмола облысының мүгедектер одағы» ЗТБ базасында мүгедек адамдарды қолдау мәселелеріне арналған Ашық есік күні өтті.

Іс-шараға Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ш.С. Рахматуллина, сондай-ақ Ақмола облысының аудандары мен қалалары әкімдіктерінің, қоғамдық ұйымдардың, Халықты әлеуметтік қорғау органдарының және басқа да мүдделі мемлекеттік және бейінді мекемелердің өкілдері қатысты.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Талқылау барысында Отбасы банкі АҚ-ның тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру, Ақмола облысы бойынша Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының қызметтері, қолжетімді орта құру, оңалту қызметтерін алу, мәдени, спорттық іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ мүгедек адамдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.

Іс-шара барысында қойылған сұрақтарға жауаптар алынды, болашаққа жоспарлар белгіленді, сондай-ақ мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді. Мұндай кездесулер одан әрі жүйелі және тұрақты өзгерістер үшін негіз құра отырып, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.