
Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина Көкшетау қаласының Мансап орталығында азаматтарды қабылдады, оның барысында субсидияланатын жұмыс орындары бойынша заңнамадағы өзгерістерді, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау мәселелерін түсіндірді.
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға субсидиялар мөлшері айына кемінде 24 АЕК (103 800 теңге), субсидиялау мерзімі — 12 айдан аспайды.
"Жастар практикасы" бағдарламасы бойынша субсидиялар мөлшері айына кемінде 30 АЕК (129 750 теңге) құрайды, субсидиялау мерзімі — 12 айдан аспайды.
Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша субсидия белгіленген жалақы мөлшерінің 35%—. құрайды, бірақ айына 24 АЕК-тен (103 800 теңге) аспайды, субсидиялау мерзімі-12 айдан аспайды.
"Күміс жас" жобасы шеңберінде субсидиялау мынадай түрде жүзеге асырылады:
- жұмыстың бірінші жылы үшін (1 айдан 12 айға дейін) - белгіленген жалақы мөлшерінің 70 %, бірақ 30 АЕК (129 750 теңге)аспайды;
- жұмыстың екінші жылы (13 айдан 24 айға дейін) - белгіленген жалақы мөлшерінің 65 %, бірақ 30 АЕК (129 750 теңге)аспайды;
- жұмыстың үшінші жылы (25-36 ай) - белгіленген жалақы мөлшерінің 60%, бірақ 30 АЕК (129 750 теңге) аспайды.
"Күміс жас" жобасы бойынша субсидиялаудың жалпы мерзімі 36 айдан аспайды