
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында басқарма басшысының орынбасары Н.К.Бексұлтанованың төрағалығымен әлеуметтік қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында мүгедектігі бар адамдардың санаторий-курорттық емдеу жеткізушілеріне шағымдары қаралды. Өнім берушілер мәлімдеген тауарлар мен қызметтер сипаттамаларының әлеуметтік қызметтер порталы жіктеуішінің талаптарына сәйкестігінің жоспарлы мониторингін бекітуге ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, комиссия мүшелері жеткізушілердің әлеуметтік қызметтер порталында тіркелу туралы өтініштерін қарады және тиісті шешімдер енгізілді.