
2026 жылғы 22 қаңтарда Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында қандастарды қабылдау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыс мемлекеттік қызметтерді үйлестіру және көші қон бөлімінің басшысы А. Серенованың төрағалығымен, комиссия мүшелері мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен өтті.
Комиссия 11 отбасының (28 адам) өтініштерін қарады.
Отырыс қорытындысы бойынша қандастардың өңірлік квотасына 8 отбасы (24 адам) енгізілді.