Әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша жеке қабылдау

Әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша жеке қабылдау

Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина қазіргі уақытта стационарда ем қабылдап жатқан Старшов В. Б.-ның өтініші бойынша жеке қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында атаулы әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша біржолғы әлеуметтік төлемдер тағайындау мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.