
2026 жылғы 9 қаңтарда «Бірлік» Ақмола облысының мүгедектер одағы» ЗТБ базасында мүгедек адамдарды қолдаудың өзекті мәселелеріне арналған Ашық есік күні өтті.
Іс-шараға Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ш.С. Рахматуллина, сондай-ақ Ақмола облысының аудандары мен қалалары әкімдіктерінің, қоғамдық ұйымдардың, Халықты әлеуметтік қорғау органдарының және басқа да мүдделі мемлекеттік және бейінді мекемелердің өкілдері қатысты.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Талқылау барысында әлеуметтік қолдау, жұмысқа орналастыру, қолжетімді орта құру, оңалту қызметтерін алу және мүгедектігі бар адамдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.
Осы іс-шараның қорытындысы бойынша инватакси қызметін ұсыну және кеңейту бойынша, оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етуді жоспарлау, қолжетімді орта талаптарын ескере отырып, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау шеңберінде жан басына шаққандағы қаржыландырудың барлық аспектілерін сапалы пысықтау мәселелерін қоса алғанда, инватакси қызметін ұсыну және кеңейту жөнінде тапсырмалар берілді.