
31 Желтоқсанда комиссия төрағасының орынбасары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ш.С. Рахматуллинаның төрағалығымен халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын тиімді игеру, шартты ақшалай көмек түрінде біржолғы төлем ұсыну мәселелері қаралды, сондай-ақ Жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру тетіктерін жетілдіру және жүргізілген тексерулердің қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстар әзірленді.
Бұдан басқа, комиссия қандастарды ерікті түрде қоныстандырудың 2026 жылға арналған бағдарламасы шеңберінде қоныстандыру үшін көзделген облыстың елді мекендерінің тізбесін бекітті.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жауапты мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.