Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының 2025 жылғы жұмысының қорытындылары шығарылды

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының 2025 жылғы жұмысының қорытындылары шығарылды

2025 жылғы 19 желтоқсанда Щучинск қаласындағы КММ «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» ғимаратында Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Рахматуллина Шолпан Салыққызының төрағалығымен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының жұмысы қорытындыланды.

Отырыста атқарылған жұмыстың негізгі нәтижелері, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары қарастырылып, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамытудың басым бағыттары айқындалды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелерін талқылады.

Жиын қорытындысы бойынша әлеуметтік сала мекемелерінің жұмысын одан әрі жетілдіруге бағытталған тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.