Қазақстан Республикасына білім алу мақсатында келген шетелдіктердің көші-қон заңнамасын сақтау мәселесі бойынша кеңес

Қазақстан Республикасына білім алу мақсатында келген шетелдіктердің көші-қон заңнамасын сақтау мәселесі бойынша кеңес

Ақмола облысы әкімдігінде әкімнің орынбасары А.Б. Амренованың төрағалығымен Қазақстан Республикасына білім алу мақсатында келген шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын сақтау мәселесі бойынша кеңес өтті.

Кеңеске жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, білім беру, ішкі саясат басқармалары басшыларының орынбасарлары, Көші-қон департаментінің өкілдері, жоғары оқу орындары мен колледж директорлары қатысты.

Отырыста басшыларға білім алушылар мен студенттер (ЖОО, ТжКБ және мектептерде) арасында вирустық және инфекциялық аурулардың, буллингтің, нашақорлықтың және өзге де деструктивті құбылыстардың алдын алу бойынша жұмысты күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ, шетелдік білім алушылар арасында Қазақстан Республикасында болу қағидаларын сақтау және көші-қон режимін бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.