Ақмола облысында босқын мәртебесін беру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Ақмола облысында босқын мәртебесін беру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

2025 жылғы 19 желтоқсанда Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында босқын мәртебесін беру, ұзарту, айыру және тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырыс Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ш.С. Рахматуллинаның төрағалығымен өтті.  

Комиссия жұмысына облыстық мәслихат депутаты мен облыстық басқармалардың өкілдері де қатысты. Отырыс барысында босқындардың мәртебесіне қатысты мәселелер, сондай-ақ өтініш берушілерге қатысты шешім қабылдау рәсімдері қаралды.