
Ақмола облысының әкімдігінде әкімнің орынбасары А. Б. Әміренованың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында әлеуметтік төлемдер мен жалақы бойынша берешекті өтеу мәселелері, сондай-ақ еңбек жанжалдарының алдын алу шаралары қаралды. Ақпаратпен мемлекеттік органдардың, кәсіподақ ұйымдарының, кәсіпорындардың және жеке сот орындаушыларының өкілдері сөз сөйледі.
Жарқайың ауданының "Комунсервис" ШЖҚ МКК, "Степняк-Су" ШЖҚ МКК және Біржан сал ауданының "Кокше-Цемент" ЖШС, "Кокшетау автовокзалы" ЖШС, "Кокше Линия" ЖШС, Көкшетау қаласының "Бука" ЖШС жалақы бойынша берешекті өтеу жағдайына ерекше назар аударылды. Талқылау қорытындысы бойынша берешекті өтеу бойынша жұмысты жандандыруға және әлеуметтік шиеленісті болдырмауға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.
Отырыс соңында облыстық комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.