
Ақмола облысы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары А.Б. Әміренованың төрағалығымен мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғалуы мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс барысында ауруларды ерте диагностикалау және ерте араласу бойынша жұмысты ұйымдастыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жағдай жасау, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар тарапынан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ Үйлестіру кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту мәселелері қаралды.
Баяндамалармен Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының, денсаулық сақтау басқармасының басшылары, сондай-ақ аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары сөз сөйледі.
Талқылау қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне және жауапты мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.
Отырыс соңында Ақмола облысы әкімдігі жанындағы мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғалуы мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.