
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ш.С.Рахматуллина КММ «Психоневрологиялық аурулары бар балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» күндізгі жартылай стационарында тәрбиеленушілердің ата-аналарымен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында мекеменің жұмысын ұйымдастыруға қатысты өзекті мәселелер, балалардың болу жағдайлары, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланды.
Ата-аналарға көтерілген барлық мәселелер бойынша жан-жақты түсіндірмелер берілді. Жиналысқа қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіріп, ашық әрі сындарлы диалогқа қатысты.