Отбасының цифрлық картасындағы деректерді өзектендіру жөніндегі кеңес

Отбасының цифрлық картасындағы деректерді өзектендіру жөніндегі кеңес

2025 жылғы 10 желтоқсанда облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Әміренова Алтынай Байқадамқызы төрағалығымен көші-қон және денсаулық сақтау салаларында Отбасының цифрлық картасындағы деректерді өзектендіру мәселелеріне арналған кезекті жұмыс кеңесі өтті.

Кеңеске жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, полиция департаменті, көші-қон қызметі өкілдері, сондай-ақ өңірлер бейнеконференция байланысы форматында қатысты.

Өзектендірілмеген деректер, халықтың медициналық ұйымдарға тіркелуі, МӘМС жүйесімен қамтылуы, сондай-ақ азаматтарды тіркеу мәселелері бойынша проблемалық жайттар талқыланды. Дағдарыстық санаттағы отбасылардың үлесі өсіп отырған аумақтарға ерекше назар аударылды.

Басшыларға ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және отбасылармен жүргізілетін нысаналы жұмыстың тиімділігін арттыру жөнінде тапсырмалар берілді.