
2025 жылдың 8 желтоқсанында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен қандастар үшін Ашық есік күні өтті.
Іс-шараға облыс аудандарынан келген қандастар, сондай-ақ қандастар көп қоныстанған өңірлердің әкімдіктерінің өкілдері қатысты.
Қатысушылар арасында білім беру, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің зейнетақылар жөніндегі департаментінің бас маманы, сондай-ақ Ақмола облысының көші-қон қызметінің басшысы болды.
Ашық есік күні ай сайын өтеді. Оның басты мақсаты — қандастармен үнемі диалог жүргізу, туындаған сұрақтарға уақтылы жауап беру және бейімделу мен интеграция процесінде жан-жақты көмек көрсету.
Бүгін қандастар кең ауқымды мәселелер бойынша кеңес алды: жерді жалға алу, азаматтықты ресімдеу және қос азаматтықтың ерекшеліктері, жүргізуші куәлігін алу, сондай-ақ басқа өңірлерге көшу тәртібі бойынша.