2025 жылғы 17 қарашада Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ш.С. Рахматуллина "психоневрологиялық аурулары бар балаларға арналған АӘҚКО" КММ күндізгі жартылай стационар тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен жұмыс кездесуін өткізді.
Ашық диалог аясында балалардың болу жағдайларын жақсартуға қатысты мәселелер қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша ата-аналарға қажетті түсініктемелер берілді. Аталған мәселелер басқарманың тұрақты бақылауында екендігі және оларды шешу бойынша жұмыстар жүйелі негізде жүргізіліп жатқаны атап өтілді.