
2025 жылғы 12 қарашада Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамқызы Әміренованың төрағалығымен «Отбасының цифрлық картасын» өзектендіру және Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңеске жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, денсаулық сақтау, білім беру, ішкі саясат, ветеринария, ауыл шаруашылығы басқармаларының, сондай-ақ мемлекеттік кірістер, полиция, әділет департаменттерінің және «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ Ақмола облыстық филиалының өкілдері қатысты.
Онлайн режимінде аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, мансап орталықтарының директорлары қосылды.
Кеңес барысында «Отбасының цифрлық картасын» өзектендіру кезінде ведомстволық өзара іс-қимыл мәселелері, өмірлік қиын жағдайдағы отбасылармен мақсатты жұмыс жүргізу, сондай-ақ Бірыңғай цифрлық платформаға деректер енгізу жөніндегі тапсырмалардың орындалуы қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша жобаларды іске асыру тиімділігін арттыруға және халықты әлеуметтік қолдауды жетілдіруге бағытталған нақты тапсырмалар мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға берілді.